Жарияланды: 410

Өскеменнен Риддер, Зырян және Қатонқарағайға шығатын жолдар жабылды

Төтенше жағдайлар департаментінен жана ғана хабарланғандай, бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты ертеңге дейін барлық көліктер үшін Өскемен - Риддер және Өскемен - Зырян - Қатонқарағай бағыттары бойынша жолдар жабылды. Бұған дейін таратылған мәлімдемеде Өскемен - Зырян - Қатонқарағай бағытында автобустар мен жүк көліктері үшін қозғалыс шектелгендігі туралы хабарланған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін