Өскеменнің дүкендерінде "әлеуметтік" бөлімдер ашылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменнің дүкендерінде "әлеуметтік" бөлімдер ашылуда

Өскеменнің дүкендерінде "әлеуметтік" бөлімдер ашылуда

Өскемен. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменнің дүкендерінде "әлеуметтік" бөлімдер ашылуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 653
Фото - Caravan.kz

«Қала бойынша «Данияр», «Колос», «Самал» дүкендерінде және 45-ші дәріханада төрт әлеуметтік бөлім жұмыс істеуде. Онда нанды 43 теңгеге сатып алуға болады. 1 сортты ұнның бір келісі 50 теңге, литр сүт 90 теңге тұрады. Ал басқа дүкендерде олардың бір литрі 100-120 теңге аралығында. Сондай-ақ, арзан бағамен көкөністер сатылады. Мәселен, бір келі картоптың құны 65 теңге, қызылша 105 теңге», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Өнімдерді жеткізушілерімен келісілгеніндей бірқатар азық-түліктер төмен бағамен сатылуда. «Восток-молоко» ЖШС, «Эмиль»ЖШС, ИП Зиновьев С. В. (Риддер қаласы) сүт өнімдерін жеткізеді. Нан өнімдерін»Ақсай-нан» ЖШС НК, ИП Балтаев шығарады. Көкөністер «Дина» сауда көтерме кешенінде сатып алынса, өсімдік майы «Май» АҚ сатып алынады. Ұн «Өскемен ұн тарту комбинатынан» жеткізіледі.

«Қаланың жергілікті атқару билік органдары инфляциялық процестерді тежеу жөнінде жұмыстарды тұрақты түрде өткізіп, бақылауда ұстауда. Бағаның көтерілуі бірінші кезекте табысы төмен тұрғындарға, әлеуметтік жағынан қорғалмағандарға кері әсерін тигізуде «, — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қалада бір айдан бері Ардагер «әлеуметтік» дүкені жұмыс істеуде. Болашақта арзан тауарлар мен азық-түлікті жеткізетіндердің желілерін кеңейту жоспарланып отыр. Болашақта «Айтас- Меркет» супер маркет желісінің 10 дүкенінде «әлеуметтік» бөлімдерді ашу көзделуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті