Жарияланды: 400

Өскеменнің спортына жауапты шенеунікті пышақтап кетті

Өскеменде шенеунікке қарақшылық шабуыл жасалды. Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Елдос Чикеновты белгісіз біреулер соққының астына жығып, пышақтап кеткен.

34 жастағы шенеуніктің бұл қызметке тағайындалғанына 10 ай болған. Елдос Чикеновтың өзі бокспен шұғылданғандықтан қарақшыларға қарсылық білдіруге тырысқан екен. Алайда кастетпен ұрғандықтан оның миы шайқалып, ал суық қару екі жерін жаралапты. Оған шұғыл түрде ота жасалынып, палатасына күзет қойылды.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін