"Осы қыз қайда жүр" деп мені ешкім іздеген жоқ": Ешқандай атағы жоқ Жанар Айжанова кімге ренжулі? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Осы қыз қайда жүр" деп мені ешкім іздеген жоқ": Ешқандай атағы жоқ Жанар Айжанова кімге ренжулі?

"Осы қыз қайда жүр" деп мені ешкім іздеген жоқ": Ешқандай атағы жоқ Жанар Айжанова кімге ренжулі?

Сахнада ұзақ жылдар бойы ән шырқап, ел ықыласына бөленген Жанар Айжановада неге ешқандай атақ жоқ?

  • 10 Сәуiр 2019
  • 114
Фото - Caravan.kz

Өнер айдынына енді ғана аяқ басқан жұлдыздар "Мәдениет қайраткері" атанып жатқанда, Жанар ханымның бұл дәрежеге лайықты болмағаны ма? 

Қара домбырасы мен сыңғырлаған дауысы үйлескен Жанар Айжанованы мемлекет ешқандай атаққа лайықты деп таппапты. Ол өзін енді ғана қандай да бір марапатқа лайықты болдым деп санайды.

Жанар Айжанова мемлекетке деген өкпесін YouTube каналындағы Talk Laike жобасында берген сұхбатында айтты, — деп жазады ERNUR.KZ.

Мемлекеттік жұмыстарда тұрақтай алмаған әнші, өзінің тойда ән шырқап, асаба болу арқылы нанын тауып жүрген. Ешкімге масыл болмай, төккен тер мен еткен еңбекті неге мемлекет бағаламайды деп ашынады халықтың ерке қызы.

"Менің ешқандай атағым жоқ. "Құрмет ордені", "Мәдениет қайреткері" — мен ол жағынан тап-тазамын.", — дейді әнші.

"Мәдениет саласында сіңірген еңбегіңіз үшін қандай атаққа өзіңізді лайықтымын деп ойлайсыз?" деген сауалға Жанар Айжанова былай жауап берді:

"Адамның өзіне баға бергені — ол өлгені. Не болса да бәрін халықтан сұрау керек. Брақ, іштей бағаңды білесің. Сол атақты енді маған ұсынып жатса, (сұрап жатқан жоқпын) маған дер кезінде бергені. Енді еңбегімді бағалайтын кез келді". Өнерге енді ғана аяқ басып, отызға толар-толмас атақтарға ие болған жұлдыздардың "Құрмет орденіне" ие болғанына әнші теріс пікір білдірді.


Сонымен қатар, Жанар Айжанованың мемлекеттік жұмыстарға да алынбағанына ашынады. Бірнеше жыл филормонияда жұмыс жасап, оның көшіп кету салдарынан жұмыстан шығып қалған. Кейіннен "Гүлдер" ансамбліне қызмет жасау барысында сүзгіден өтпей қалған әншілердің қатарында болған.

"Гүлдерден" шығып кеткеннен соң Астанадағы Академиялық филармонияға жұмысқа шақырды. Сол жерге кіргеніммен мен Алматыда жұмысым бар, Астанада мүмкін болмады.Сол жұмыссыз жүрген кезімде үкімет тарапынан "осы қыз қайда жүр" бір мұсылман мені іздеген жоқ", — деп өзінің ренішін білдірді.
 

Соңғы жаңалықтар