Осы уақытқа дейін қазақтарға тіл тигізіп, мазақ қылған шетелдіктерден кімдерді білеміз - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Осы уақытқа дейін қазақтарға тіл тигізіп, мазақ қылған  шетелдіктерден кімдерді білеміз

Осы уақытқа дейін қазақтарға тіл тигізіп, мазақ қылған шетелдіктерден кімдерді білеміз

Өзге елден келіп, қазақ жерінде нәпақысын тауып жүрсе де қазақтарға тіл тигізген ресейлік келіншектің «Мамбет» сөзі бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

  • 14 Наурыз 2018
  • 931
Фото - Caravan.kz

Жалпы Қазақстанда жұмыс істеп, қазақ халқына тіл тигізген шетелдіктерге қатысты оқиғалар бұған дейін де сан мәрте орын алған болатын. Caravan.kz медиа-порталы осы кезге дейін қоғамның ашу-ызасын туғызған сондай оқиғалар мен сыртта жүріп түрлі оғаш пікір айтқандың бір парасын еске түсіп көрді.

«Қазаққа мамбет деп айт та, тұра қаш»

Осыдан бірнеше жыл бұрын ресейлік футболшы Егор Титов «Спорт» басылымына берген сұхбатында қазақ тілшілеріне тіл тигізген болатын. Нақтырақ айтқанда «Қазақ прессасы қалай жұмыс істейді деген ресейлік тілшінің сауалына

«Ол жақта сондай мамбеттер! Алты жыл бұрынғы сұрақты қояды. Қазаққа мамбет деп айт та, тұра қаш» деген болатын.

Еске салсақ, Егер Титов 2009 жылдары Астанадағы "Локомотив" командасының легионер футболшысы болды. Сол жылдары бұл оқиға көпшіліктің ашуын туғызды

Мамбет! Ресейден Қазақстанға келіп, нанын тауып жүрген келімсек қазақтарды осылай балағаттан

Бораттың елі

Ал 2015 жылы “Астана” ФК чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алып түркиялық “Галатасарай” футбол клубымен ойнайтыны белгілі болды. Жеребе тарту рәсімі өткен соң “Галатасарай” құрамында ойнайтын атақты неміс шабуылшысы Лукас Подольский өзінің Twitter әлеуметтік желісіне Бораттың суретін жариялап, оның елін көруге асығатынын жазған.  

Бұл жағдайдан соң Қазақстан және түркиялық жанкүйерлер оған қарсы пост жариялды. Тіпті “Галатасарай” клубының пезидентіне шағым-хат та жіберді. Нәтижесінде Подольский тағы да әлеуметтік желі арқылы барша Қазақстан жұртынан кешірім сұрады.

 

«Бораттың еліне мен келдім»

Көп ұзамай Шымкентің “Ордабасы” құрамында ойнайтын Иван Божичтің қалыңдығы әлеуметтік желіге “Бораттың елі, мен келдім” деп жазды. Әйтседе футболшы қалыңдығының бұл қылығы үшін Қазақ жұртынан кешірім сұрады.
 

 

 

«Қазақтардың барлығының түрлері бірдей»

Ал былтыр Ресейдің танымал актері қазақ ұлтына тіл тигізді. Ол өз бағдарламасында Apple компаниясы шығарған телефонның жаңа моделін жарнамалап отырып, ондағы адамның бет-әлпетін тану арқылы бұғаттан шығару (Face ID) функциясына тоқталған. Телефонды бұғаттан шығару үшін адам оны бетіне тақау керек болады. Дәл осы тұста актер «Скриптонит есімді Қазақстаннан шыққан рэпердің достары оның телефонын оп-оңай бұғаттан шығара алады. Себебі қазақтардың барлығының бет-әлпеті бірдей»,- деп кекеткен.

 

Тағы да «Мамбет»

Ал осыдан бірнеше күн бұрын Мәскеуден келіп Қазақ елінде жұмыс істеп жүрген «Көктөбе» мейрамханасының директоры Милана Зур әлеуметтік желіде өзіне наразылық білдірген азаматтардың бірін «Мамбет» деп айтып салды. Оның алдында Милана «Көктөбе» мейрамханасында Шолпан Әли есімді клиентті отбасымен бірге кетіңдер деп түрлі балағат сөздер айтқан болатын.

Осы оқиғадан соң әлеуметтік желіде қазақстандықтар #ямамбет хэштэгімен флешмоб бастап кетті.

 

 

Соңғы жаңалықтар