Осы уақытқа дейін ҚР президентінің "Болашақ" стипендиясы 3953 қазақстандыққа тағайындалған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Осы уақытқа дейін ҚР президентінің "Болашақ" стипендиясы 3953 қазақстандыққа тағайындалған

Осы уақытқа дейін ҚР президентінің "Болашақ" стипендиясы 3953 қазақстандыққа тағайындалған

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - 1994 пен 2008 жылдар аралығында 3953 жас талантты қазақстандыққа ҚР президентінің стипендиясы тағайындалды. "Қазақстанның халықаралық білім қоғамдастығында орын алу құралы ретінде "Болашақ" бағдарламасын дамыту келешектері" атты дөңгелек үстелде осы жайлы әңгіме болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 584
Фото - Caravan.kz

«1994 пен 2008 жылдар аралығында 3953 жас талантты қазақстандыққа стипендия тағайындалды, 1036 адам «Болашақ» бағдарламасының түлегі атанды. Қазіргі уақытта «Болашақ» бағдарламасының 2348 стипендиаты еліміз үшін басым мамандықтар бойынша 25 елде білім алып жатыр. Олардың көпшілігі АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Канада, Қытай, Малайзия, Германия елдерінде», — деп хабарландырады баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарламасына сүйенсек, жиын барысында «мемлекет басшысы «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының форумында айтқан «Болашақ» бағдарламасын жаңашаландыру бағыттарын іске асырудағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру аясында шетелде Қазақстан Республикасының оң бейнесін нығайту жолдарын іздестіру байсалды әңгіменің тақырыбы болды.

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, дөңгелек үстел жұмысына белсенді араласқан «Нұр Отан» ХДП өкілдері «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттары қатарынан жаңа буын кадрларын қалыптастырудағы «Нұр Отан» партиясының рөлі мен мүмкіндіктері жайында әңгімеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті