Осы жылы шыққан үздік түрік сериалдары қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Осы жылы шыққан үздік түрік сериалдары қандай?

Осы жылы шыққан үздік түрік сериалдары қандай?

Түрік сериалдары қазіргі таңда трендте тұрғаны баршаға мәлім. 

  • 13 Қараша 2018
  • 366
Фото - Caravan.kz

Түріктің сериалымен бірге жылап, бірге күлетін көрермендер қазақтың келіншектерінің арасында жетіп артылады.

Ендеше Caravan.kz медиа порталы осы жылы шыққан үздік түрік сериалдарын назарларыңызға ұсынады.

Менің қолымды жіберме/ Не отпускай мою руку

Сериалдың сипаттамасы: Дженк АҚШ елінде білім алып келген, бай отбасының мұрагері. Азра белгілі кәуап пісірушінің қызы, ол да АҚШ елінде білім алған бірақ аспазшы оқуын бітірген. Дженка мен Азраның шабадандары әуежайда ауысып кетіп, сол кезден бастап екеуінің өмірі бір-бірімен байланыса бастайды.

Басты рөлдерде: Альп Навруз, Алина Боз

Ерте тұратын құс/ Ранняя пташка

Қазіргі таңда танымалдыққа ие болып, Түркияда ғана емес, көптеген елдерде танылып үлгерген туынды.

Сериалдың сипаттамасы: Санем әрдайым көңілді жүретін ару. Ол әрдайым таңертең ерте тұрып, әкесінің дүкенін ашады. Осы себептен оны ерте тұратын құс деп атап кеткен. Санем белгілі журналға жұмысқа тұрып, сол жерде журналдың басшысы Джанмен танысады. Сериалда әрі қарай Джан мен Санемнің махаббат хикаясы өрбейтін болады.

Басты рөлдерде: Демет Оздемир, Джан Яман, Биранд Тунджа.


Қызым

Сериал сипаттамасы: Ойкюдың ата-аналары ажырасып кеткен, қыз әкесімен бірге тұрады. Бірақ қыз әкесін ұмыта бастайды, есіндегі жадыларының бәрі есте сақталмай бастайды. Ойкюдың кішкентай кезінде оған альцгеймер диагнозын қойған. Әкесінің қиналып жүрген қызы оны Зейнеп есімді келіншекпен таныстырады. Осы уақыттан бастап үшеуінің қызыққа әрі қиындыққа толы өмірлері басталады.

Басты рөлдерде: Бугра Гюльсой, Лейла Лидия Тугутлу, Берен Гёкйылдыз.

Соңғы жаңалықтар