"Осындай кинолар удан зиян". Мұхтар Ниязов басты рөлдердің бірін Нұрболхан Шарапов сомдаған отандық фильмді сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Осындай кинолар удан зиян". Мұхтар Ниязов басты рөлдердің бірін Нұрболхан Шарапов сомдаған отандық фильмді сынап тастады

"Осындай кинолар удан зиян". Мұхтар Ниязов басты рөлдердің бірін Нұрболхан Шарапов сомдаған отандық фильмді сынап тастады

Танымал айтыскер ақын Мұхтар Ниязов "Белгісіз батырлар" атты отандық фильмді қатан сынады.

  • 4 Қазан 2023
  • 312
Фото - Caravan.kz

Ақын аталмыш фильмде қанша батырдың еңбегі мазаққа айналғанын жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қазақтың намысын, өткенін, тарихын мынадай деңгейде мазақ қылып, аяққа таптаған киноны көрмеппін. Басынан соңына дейін көрген жоқпын, бірақ ақша тәуекел он бес минут алтын уақытым кеткенін айтсай. Ең жаманы-қаншама жастардың жылайтын нәрсеге күліп отырғаны. Өмір юмормен жеңіл. Мен әзілді бір кісідей айта да, түсіне де алатын адаммын. Ал мынаны түсіне алмадым. Көшенің көлденең жүрген бейпіл ауыз жаргондары өз алдына, қабырғасынан қан кешкен қаншама батырлар мен шаһиттердің еңбегі де, ерлігі де мазаққа айналған. Меніңше біз сияқты ұлттық рухы мен тарихи санасы әрі-сәріде жүрген елге осындай кинолар (кино деуге келсе әрине) удан зиян деп ойлаймын. Сұмдық енді, айтарға сөзім жоқ, сөз тапсам айтармын", — деп жазды ол. 

Фильмде басты рөлдердің бірін сомдаған актер Нұрболхан Шарапов фильмдегі оқиғалар ешқандай тарихи оқиғаға негізделмегенін айтқан. 


"Рахмет пiкiрiңiзге! Кино авторларының айтар ойы шикi жеткiзiлгенi анық. Бiрақ, фильм ешқандай да тарихи оқиғаларға негізделмеген. Керiсiнше, қазiргi замандағы елдегi оқиғаларды сарказм арқылы жеткiзу болған ғой. Арасындағы анайы артық әңгiмелермен шәйiлiп кетiп тұр. Оны киноның премьерасында байқадық. Және ол продюсерге де ескертiлдi. Оны өзiңiзге де телефонмен айттым. Ал сын орынды! Постқа ерiп, фильмдi көрмей сын жазғысы келiп жатқандарға айтарым, Ойыңды ашық жазу үшiн бiрiншi көрiңiздер. Тарихты немесе батырларымызды қорлаған болса айтарсыздар", — деп жауап қайтарды актер. 

 

Соңғы жаңалықтар