Ота жасайтын ақша жоқ: Астанаға мемлекеттік квотамен бауырын ауыстыруға келген науқастар сенделіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ота жасайтын ақша жоқ: Астанаға мемлекеттік квотамен бауырын ауыстыруға келген науқастар сенделіп қалды

Ота жасайтын ақша жоқ: Астанаға мемлекеттік квотамен бауырын ауыстыруға келген науқастар сенделіп қалды

Ота жасайтын ақша жоқ. Астанаға мемлекеттік квотамен бауырын ауыстыруға келген науқастар сенделіп қалды.

  • 7 Ақпан 2019
  • 94
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "КТК" арнасы хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі осы кісілерге ота жасауға қаржы бөлмей қойған. Ал Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының мамандары науқастарды Алматыға жіберуден басқа амал жоқ дейді. Ал бірер ай өмірі қалған науқастар уақыт өткізіп аламыз деп қорқып отыр.

Атыраулық Зәуре Ермұханованың цирроз дертіне ұшырағанын дәрігерлер осыдан 4 жыл бұрын анықтапты. Бір рет Ресейге барып емделеліп, бауырдан 10 литр су алдырады. Жағдайы біршама жақсарғанымен, кейін ауру қайта меңдей бастайды. Ақыры Астанаға жолдама алып, квотамен Ұлттық онкология және трансполонтология орталығына келеді.

Зәуре Ермұханова:

— Донор болатын өзімнің қызым. Ол бірнеше мың ақша жұмсап, бүкіл аназизінің бәрін өткіздік. Енді барлығы болғаннан кейін операция жасамаймыз деп отыр.

Зәуре Ермұхановаға дәл бүгін ота жасалу керек болған. Дәрігерлердің азғантай өмірің қалды деген ауыр сөзі жанын жегідей жеп барады. Уақыт болса өтіп жатыр. Зәуре сынды күнін санап жүрген науқастар орталықта жетерлік. Талдықорғаннан келген Қарақат Бажаеваның да екі ұлы бір біріне донор болмақ. Үлкен ұлының 3 ай өмірі қалған. Екінші баласы 700 мың теңге жұмсап, бауырының ағасына сәйкес екенін анықтапты. Енді ол да бекер шығындалған болып отыр.

Қарақат Бажаева:

— Бізге кеше жасау керек болатын операцияны. Бізге Алматыға Сызғановқа барып, ота жасатыңдар деп жатыр. Біз енді уақытымыз тар. Ол баланың іші де ісіп тұр.

Ұлттық ғылыми орталық өкілдері де өз науқастарын толық емдегісі келеді. Бірақ, қаражат бөлінбегендіктен, олардың бәрін Алматыға жіберуден басқа амал жоқ дейді.


Евгений Мусин, Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының бөлім басшысы:  

— Бұл науқастарды толық емдеп шығуға Денсаулық сақтау министрлігі бізге қаржы бөлмейді. Квотамен қамтамасыз ету үшін үлкен көлемдегі қаражат Алматыдағы Сызғанов атындағы хирургия орталығына бөлінген. Енді осымен ота жасалмайтын болса, мықты хирургтарымыз басқа жаққа ауысуы мүмкін.

Орталыққа ақша бөлумен айналысатын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры болса, мәселені туындатып отырған ғылыми орталықтың өзі дейді. Өйткені, былтыр бауыр үшін бөлінген 8 квотаның алтауы ғана қолданылған. Сондықтан биыл төртеуге азайтыпты.

Ләззат Әлімова, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының департамент директоры:

— Бізге осы күні науқастарға толық көлемде ем-дом көрсетілген жоқ деген өтініш түскен жоқ. Біз орталықпен бүгін сөйлестік. Олар бізге ресми өтініш жолдайтындарын айтты. Соған байланысты біз басқа салаларға бөлінген квотаны осы бағытқа алып береміз.

Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы жоспар бойынша 2020 жылға дейін тек қана онкология орталығына айналуы тиіс. Яғни, бұл транспланталогия бөлімі мүлде жабылып қалуы мүмкін. Ол жағдайда науқастар Астанаға келмейді. Демек, шетелде оқып келген мықты хирургтар да бас қалада  қалмайды деген сөз.
 

Соңғы жаңалықтар