Отандық дәрігерлер инсульттың алдын-алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отандық дәрігерлер инсульттың алдын-алмақ

Отандық дәрігерлер инсульттың алдын-алмақ

Инсульттің алдын алу! Бүгін Алматының орталық клиникалық ауруханасында хирургтер шетелдік әріптестерімен бірге шеберлік сабақтарын өткізді. Енді аталмыш емдеу орнының мамандары ішкі күре тамырдың жұмысын жақсартуға арналған отаны өздері жасамақ.

  • 15 Шiлде 2014
  • 212
Фото - Caravan.kz

Соңғы уақытта ишемиялық инсульт ауруы күн санап көбейіп келеді. Аурудың алғашқы белгілері біліне бастағанда, дәрі-дәрмекпен емдеуге болады дейді мамандар. Өкінішке қарай, миға келетін күре тамырдағы қан айналымының бұзылуы науқастың мүгедек болуына және негізінен оқыстан көз жұмуына әкеп соғуда. Енді Алматының орталық клиникалық ауруханасы бұл дерттің алдын алу мақсатындағы шараларды қолға алмақ.


Марат Абдоллаев, Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының директоры:

–Инсульт пайда болатын болса, науқастардың жағдайы төмендейді. Мүгедектік пайда болады. Соның алдын алу жұмысын, диагностикаларды өткізуіміз керек. Онда азаматтарға уақытында тиісті көмек береміз деп сенеміз.