Жол апатынан ауыр зардап шеккен Дамир Қасымбаев 4 күн бойы ес-түссіз жатқан. Оның бас тамырына зақым келіп, мұрнынан қан тоқтамаған. Осыдан кейін Президенттің іс басқармасы орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері астаналық әріптестерімен бірге жігіттің денесін кеспей қан тамырына ота жасады. Қазір емделушінің жағдайы қалыпты. Жақын арада қызметіне оралмақшы. Ал отаның бұл түрі «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында жасалды.
Дамир Қасымбаев, емделуші:
-Көзім көрмейді соны уайымдадым. Бірдеңе айтқым келсе, сөздерді шатастырам. Түнде ұйықтау қиын болды.Операциядан шықтым. Сол күні жан сақтау бөлімінде басымдағы шудың жоқ екенін сезіндім. Тыныштықтын рахатына бөлендім.