Жарияланды: 250

Отандық психологтар суицидке сүйрейтін қытай қуыршақтарына тыйым салуды талап етті

Қуыршақтар қауіпті! Отандық психологтар қытайдың құбыжық қуыршақтары қыз балаларды суицидке сүйрейтінін анықтапты.

Мамандар Ақмола облысындағы сауда сөрелерінде тұрған ойыншықтардың 36 түрін зертханалық тексеруден өткізген. Нәтижесінде қыздарға арналған қуыршақтардың бірінің де сапасы талапқа сай болмай шықты. Шетелдік тауарлардың иісі, бояуы мен дыбысы бүлдіршіндердің денсаулығына аса қауіпті. Сыртқы келбеті де сын көтермейді. Мәселен, «Монстр Хай», «Май монстер», «Веборелла» және  «Магик Гел» сынды қуыршақтардың құбыжық түрінен бала қорқып қалуы мүмкін. Тіпті бүлдіршіннің жүйке-жүйесін бұзады деп дабыл қақты психологтар. Сондықтан елімізде қытайдың қуыршақтарын сатуға тыйым салынуы керек. Мамандар алдымен Ақмола облысындағы балабақшаларда ата-аналарды жинап, түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.  

Қайрат Баймұхамбетов, Ақмола облысы Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы:

-Мәселен, мына қуыршақ о дүниені насихаттайды. Ал, мына жерде кішкентай қыздың жатырынан бала шығып тұр. Жасына қарамай аяғы ауыр. Бұдан қандай тәрбие алуға болады? Мұндай ойыншықтар аса қауіпті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін