Отандық қаржы нарығына жаңа эмитенттер мен инвесторларды тарту жұмысын жандандыру қажет - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отандық қаржы нарығына жаңа эмитенттер мен инвесторларды тарту жұмысын жандандыру қажет - Назарбаев

Отандық қаржы нарығына жаңа эмитенттер мен инвесторларды тарту жұмысын жандандыру қажет - Назарбаев

Астана. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Отандық қаржы нарығына жаңа эмитенттер мен инвесторларды тарту жұмысын жандандыру қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банктің, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің және Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007 жылғы жұмыс нәтижесі жөніндегі есептеріне арналған мәжілісте осы жайында айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 539
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгендей, президент 2008 жылға арналған бірінші кезектегі міндеттер — инфляцияны төмендету, банк жүйесіндегі жағдайлардың дамуын мониторинг жүргізуді күшейту, банк қадағалауын күшейту, сондай-ақ отандық қаржы нарығына жаңа эмитенттерді, яғни құнды қағаз шығарушылар мен инвесторларды тарту жұмысын жандандыру қажеттілігіне аса көңіл бөлді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы өз сөзінде мемлекеттік органдардың әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлдерін жалпы алғанда оң бағалады.

Жиналыс барысында Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Аркен Арыстанов агенттіктің 2007 жылы қор нарығын активтендіруге қатысты жүргізілген жұмыстары жөнінде баяндады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті