Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Мені Құдай кешірсін.
Бірақ "қазағым деп келдім" деп заңсыз шекара бұзып келгендерді сол күні келген жағына кері қайтару керек деп ойлаймын.
Әйтпесе "бір аттан кейін бір ат келе береді" ғой.
Жеке басын сауғалап, бүкіл елге проблема тудыратындардан еш жақсылық күтпейді екем", — деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, өткен апта Қастер Мұқасан және Мұрагер Әлімұлы атты Қытайдың екі азаматы Қазақстанға шекараны бұзып, елден пана сұраған болатын.