Отарда жарақат алған анголалық сарбаз қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отарда жарақат алған анголалық сарбаз қаза тапты

Отарда жарақат алған анголалық сарбаз қаза тапты

 

  • 2 Тамыз 2016
  • 408
Фото - Caravan.kz

Анголаның Мәскеудегі әскери диломатиялық қызметкері анголалық әскери қызметкердің қаза тапқанын растады, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәліметтерге қарағанда Анголаның қарулы күштерінің әскери қызметкері Францишко Джордж қаза тапты. Ол Отарда "Гвардейский" әскери полигонында 2016 жылы өтетін армиялық ойындарға қатысқан.

Осыған дейін ол Отарда жаттығулар кезінде ауыр жарақат алған болатын. "Ангола командасындағы халықаралық әскери ойындарға арналған жаттығулар кезінде 120 миллиметрлік мина атқышыжарылған. Салдарынан бір әскери қызметкер ауыр жағдайда жатыр, ал қалғандары жеңіл жарақат алған. Зардап шеккендер Отар әскери базасындағы жекелеген медициналық жасаққа жеткізілді", — делінген еді хабарламада.

Қорғаныс министрлігіндегілердің айтуынша, алдын ала тергеу жұмыстары Ангола командасының 2Б11 мина атқышынан атыс жасаған кезде қауіпсіздік шараларының сақталмағанын көрсеткен.


Кейінірек Тасмағамбетов Отарда болған төтенше жағдайда зардап шеккен анголалық әскери қызметкерге барған еді.

"Ол күні Отардағы әскери ауруханаға Алматыдан хирургтер келді. Сондай-ақ, Ресейден де арнайы мамандар келген болатын. Әскери қызметкерге ота жасалды. Дәрігерлер оны құтқарып қалу үшін соңына дейін күресті. Алайда, оның алған жарақаттары тым ауыр болды", — деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
 

Соңғы жаңалықтар