Жарияланды: 2600

Отбасы бар актерге тұрмысқа шыққан әнші ұл босанды

Отбасы бар актерге тұрмысқа шыққан әнші ұл босанды Сурет - vk.com/bota.official

Белгілі әзілкеш актер Дәурен Айдарқұлов ұлды болды. Әлеуметтік желілерде жарияланған кейбір деректерге сенсек, бұл - оның төртінші баласы. Яғни актердің "КешYOU" тобының бұрынғы әншісі Ақбота Сейітмағамбетпен көңіл қосқаны белгілі болғанда, бұған дейін оның әйелі, үш баласы болғаны туралы айтылған еді.

Енді, міне, Ақбота дүниеге ұл әкелді, деп хабарлайды Caravan.kz. Бұл жаңалықты Дәурен Айдарқұлов өзінің Инстаграмдағы парақшасында сүйіншілеп жеткізді. 

"Құдайға шүкір! @akbotanurabaikyzy маған ұл туып берді. Әлхамдулиллах. P.S: Біздің отбасымызды қолдағандарға рахмет!" деп жазды ол.

Ал соның алдында Ақбота Сейтмағамбет те өз парақшасында: "Бүгін тамаша күн! @arusha_handmade құрбым арнайы өз қолымен тоқыған сөмке мен бала себетін сыйға тартты. Көп рахмет! Алла қаласа..." деп жазып, сурет жариялады. Оқырмандары оған "Аман-есен босанып, аяқ-қолыңды бауырыңа ал" деген тілек айтып жатты. 

Айта кетейік, жұлдызды жұптың бас қосқаны туралы бұрын хабарланған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін