"Отбасымыздың атынан": Айнұр Тұрсынбаева су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қомақты қаржы аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Отбасымыздың атынан": Айнұр Тұрсынбаева су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қомақты қаржы аударды

"Отбасымыздың атынан": Айнұр Тұрсынбаева су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қомақты қаржы аударды

Айтыскер ақын, блогер Айнұр Тұрсынбаева су тасқынан зардап шеккен аймақтарға 5 миллион теңге берді.

  • 8 Сәуiр
  • 325
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Топан су басып жатқан аймақтардағы халықтың жағдайына алаңдап отырмыз. Біздің күшіміз бірлікте! Бұл қиындықтан да аман өтеміз. Президентіміз барлық шығын өтелетінін айтып жатыр. Азаматтар аман болса осы жерлерде керемет қалашықтар бой көтеріп, арты той болатынына сенеміз!

Отбасымыздың атынан, яғни @saad_company_kz атынан 5 миллион қаржы беріп жатырмыз. Алла қаласа балалар киімдері, памперс, тағы басқа керек жарақтарды алып әр аймаққа теңдей бөліп тарататын боламыз! Елімізге Алла жар болсын!», — деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар