«Отбасындағы ұрыс-керіс себеп болған»: Арыста әскери қызметші өзін-өзі атып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Отбасындағы ұрыс-керіс себеп болған»: Арыста әскери қызметші өзін-өзі атып жіберді

«Отбасындағы ұрыс-керіс себеп болған»: Арыста әскери қызметші өзін-өзі атып жіберді

Қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр.

  • 17 Қыркүйек
  • 19
Фото - Caravan.kz

Қорғаныс министрлігінің Арыс қаласындағы әскери бөлімінде келісімшартпен жұмыс істейтін ефрейтор өз басынан өзі атып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты редакцияға қорғаныс министрлігі растады. Дереккөзге сүйенсек, әскери қызметшінің жағдайы ауыр. 

«2024 жылдың 16 қыркүйегінде тәуліктік кезекшілікке түскен әскери қызметші  мылтықты алып, өз басына өзі оқ атқан. Ол келісімшартпен жұмыс істейтін әскери адам. Алдын ала ақпарат бойынша, ол отбасындағы жанжалға байланысты суицид жасамақ болған. Қазір ол аудандық ауруханада жатыр», — деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. 

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.