Т. Қыдырбаева екі жыл бұрын үш баланы дүниеге әкелді. Үлкен екі баламен бірге от басында бес бала болды. От басы баспананы жалға алып тұрып жатқаннан соң жергілікті билік өкілдері әйелге баспана береміз деген. Алайда, олардың уәдесі орындалмай сөз ретінде қалды. Көп балалы анадан қиыншылыққа төзе алмаған жолдасы да кетіп қалды. Амалсыздан әйел балаларымен бірге егіндікте, біреудің малын бағып жайылымда жұмыс істеп күн көрді.
Бірнеше күн бұрын Т. Қыдырбаеваның мүшкіл жағдайы туралы ақпарат орталық басылымдардың бірінде жарыққа шықты. Президент Нұрсұлтан Назарбаев мақаламен танысып, облыс басшыларына көп балалы ананы баспанамен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.
Кеше Т. Қыдырбаева жаңадан тұрғызылған «Нұрсат» ықшам ауданында үш бөлмелі пәтердің кілтін алды. Бес жасар Рамазан, үш жастағы Мақсат және екі жастағы Нұрсұлтан, Өмірзақ және Болат үйге жақын тұрған бала бақшасына орналастырылды. От басы балалар жәрдем ақысы мен әлеуметтік көмек алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті