"Өте ұят": Винокуров Алматы көлін қоқысқа толтырғандарды сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өте ұят": Винокуров Алматы көлін қоқысқа толтырғандарды сынға алды

"Өте ұят": Винокуров Алматы көлін қоқысқа толтырғандарды сынға алды

Александр Винокуров Үлкен Алматы көлінің келушілеріне үлгі көрсетіп, сенбілік күнін ұйымдастырды. Олимпиада чемпионы Өзінің Instagram әлеуметтік парақшасына көлдің қазіргі жағдайын видеоға түсіріп алған.

  • 2 Қазан 2018
  • 63
Фото - Caravan.kz

Винокуровтың айтуынша, ол веложарыс бойынша әлем чемпионы Витторио Брумоттиға Алматының бар әсемділігін көрсетуі үшін алып келген. Сөйтсе, көлге келген екеуі табиғаттың ластанып кеткеніне таңғалып қалған. 

"Керемет, бірақ ұят достар өте ұят. Жақында менің досым Брумотти келіп кетті. Оған біздің әсем қала Алматының әдемілігін көрсетейін деп едім, айнала қоқысқа толы. Бұлай болмайды. Иә достарым. Сендердің арттарыңда қалып кеткен қоқысты жинауға тура келді. Әлемді өзгертпес бұрын, өзімізді өзгертейік. Егер әрқайсымыз өзіміздің артымыздан жинап жүрсек, бір жыл ішінде қаламыз тазарып шығады. Сондықтан өзімізден бастайық, үлгі болайық", — деп жазды олимпиада чемпионы Александр Винокуров. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Alexandr Vinokurov Official (@alexandrvinokurov) on

 

Ақпарат көзі: Tengrinews.kz