Өтінемін, қазақша сөйлеңіздерші! - шетелдіктің қазақтарға айтқаны - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өтінемін, қазақша сөйлеңіздерші! - шетелдіктің қазақтарға айтқаны

Өтінемін, қазақша сөйлеңіздерші! - шетелдіктің қазақтарға айтқаны

"Досқа күлкі, дұшпанға таба болу деген осы емес пе екен?" деп қаламын... Баба тілін, ана тілін білмейтін жандардың ақша төлеп тұрып, ағылшын тілін үйренетінін қайтерсің?! Бірақ, оған да намыс керек-ау".

  • 28 Желтоқсан 2016
  • 3742
Фото - Caravan.kz

Бұл — қазақтардың өз тілінде сөйлемейтінін шетелдіктердің сынап жатқан видеосын әлеуметтік желіге жариялаған белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің жазбасы, деп хабарлайды Caravan.kz.  

Видеоға түскен шетелдіктердің бірі: "Қазақша сөйлеспейтін қазақтарды көріп таң қалдым. Қазақстанда қазақтар қазақша сөйлесуі керек. Бірақ олар білмейді" десе, екіншісі: "Екі қазақ қызы бір-біріне қазақша сөйлейді. Бірақ маған орысша сөйлейді. Ал мен орысша білмеймін" деп күледі. Одан кейін "өтінемін, қазақша сөйлеңіздерші!" деп тағы да күледі.


Соңғы жаңалықтар