Министрліктің мәліметіне қарағанда, ағымдағы жылғы наурызда ақпанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде — 7,2 пайызға жоғарылап, өңдеу өнеркәсібінде — 0,5 пайызға төмендеген. Өндірілген өнімге баға 4 пайызға қымбаттаса, өндірістік сипаттағы қызметтерге баға өзгеріссіз қалды.
«Баға қорғасынға — 15,2 пайыз, мырышқа — 8,5 пайыз, қара металдар илегіне — 3 пайыз, мысқа — 2,5 пайыз, ферроқорытпаларға — 0,3 пайызға жоғарылады, асыл металдарға — 2,8 пайызға, алюминийге — 1,4 пайызға төмендеді. Бұдан бөлек, есепті кезеңде бағаның қарақұмық жармасына — 5,6 пайыз, қара бидай ұнына — 4,9 пайыз, мал етіне — 2,5 пайыз, құс етіне — 2,4 пайыз, өсімдік майына — 2 пайызға, сүт өнімдеріне және қантқа — 0,7 пайыздан, балыққа — 0,6 пайызға төмендеуі тіркелді», — делінген баспасөз баянында.