Өткен айда елімізде 68 мың адам жұмысқа орналасты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен айда елімізде 68 мың адам жұмысқа орналасты

Өткен айда елімізде 68 мың адам жұмысқа орналасты

Ағымдағы жылғы ақпандағы деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға, ұйымдарға 68,3 мың адам қабылданды, түрлі себептермен 66,5 мың адам жұмыстан кетті.

  • 29 Наурыз 2014
  • 661
Фото - Caravan.kz

«Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 81,0 пайызды, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты — 2,8 пайызды, сондай-ақ басқа себептер бойынша — 16,2 пайызды құрады», — делінген ҚР Статистика мәліметінде.

Ағымдағы жылғы ақпанда қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,1 пайызды,  жұмыстан босату бойынша айналым — 2,0 пайызды, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті — 1,6 пайызды қамтыды. Мұнымен қоса осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 102,7 пайызды құрады.