Өткен айда еліміздегі төменгі күнкөріс шегі 7,3 пайызға өскен - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен айда еліміздегі төменгі күнкөріс шегі 7,3 пайызға өскен

Өткен айда еліміздегі төменгі күнкөріс шегі 7,3 пайызға өскен

Биылғы маусым айында Қазақстандағы төменгі күнкөріс шегі 20 мың 176 теңгені құрады.

  • 1 Шiлде 2014
  • 760
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, бұл мамыр айындағы көрсеткіштен 7,3 пайыз артық.

Өткен айда төменгі күнкөріс шегінің 12 мың 105 теңгесі азық-түліктің, қалған 8071 теңге азық-түліктен басқа тауарлар мен ақылы қызмет еншісінде.

Ең төменгі күнкөріс шегінің 20,4 пайызы ет пен балық, 14,8 пайызы – сүт, май өнімдері мен жұмыртқа өнімдері, 15,8 пайызы – жеміс пен көкөніс, 7 пайызы – нан мен жарма өнімдері, 2 пайызы – қант, шай мен дәмдеуіштерге бөлінген.

Хабарламаға сүйенсек, өткен айда 13 жасқа дейінгі балалар үшін ең төменгі күнкөріс шегі 15 мың 781 теңгені, 14-17 жастағы жасөспірімдер үшін – 25 мың 483 теңге, осы жастағы қыз балалар үшін – 19 мың 524 теңге, еңбекке қабілетті ер азаматтар үшін – 24 мың 116 теңге, әйелдер үшін – 19 мың 151 теңге, зейнеткерлер мен қарт кісілер үшін – 18 мың 921 теңгені құраған.