Жарияланды: 520

Өткен бір аптада Атырау облысының бір ауданында поездар 20 түйені таптап кетті

Соңғы бір аптада Атырау облысының Исатай ауданында отарбалар 20-дан астам түйені таптап кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне аудан әкімінің орынбасары Дарын Зұлқышев хабарлады.

Оның айтуынша, отарба доңғалақтарымен малдарды таптап кету жиі кездесетін оқиға. Жануарлар көбінесе отарбаға түн мезгілінде тапталады екен. Бір түйенің бағасы 100 мың теңгеден асып жығылатынын ескерсек, мал иелерінің шеккен шығынын есептеу қиын емес. Темір жолшылардың айтуынша, бұрындары темір жол желілерін бойлай әртүрлі қоршаулар тартылатын. Алайда соңғы уақытта мұндай қоршаулаврдың басым бөлігін ауыл тұрғындары отынға пайдалану үшін үптеп кеткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін