Өткен екі айда Қазақстанда 9,5 млн тоннадан астам мұнай өндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен екі айда Қазақстанда 9,5 млн тоннадан астам мұнай өндірілді

Өткен екі айда Қазақстанда 9,5 млн тоннадан астам мұнай өндірілді

Астана. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Өткен екі айда Қазақстанда 9,5 млн тоннадан астам мұнай өндірілді. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Ақпан 2008
  • 329
Фото - Caravan.kz

«Қаңтардың басы мен 20 ақпан аралығында 9 млн 657 мың тонна мұнай өндірілді. Бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 104,6% құрайды», — деді С. Мыңбаев.

Министрдің мәліметінше, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 100,5% жанармай, 101,3% дизельдік отын, 166,2% мазут, 148,5% авиакеросин өндірілді.

С.Мыңбаевтың айтуынша, қаңтардың басымен салыстырғанда республика бойынша бөлшек сауда бағасы 0,5% шамасында арзандады.

Ал Brent және Urals мұнайының бағасы осы мерзімде 6 — 7% өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті