Өткен тәулікте 9 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте 9 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

Өткен тәулікте 9 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

Қазіргі уақытта 18 558 адам ем қабылдап жатыр, 4 713 - стационарда. Өткен тәулікте тағы 899 тұрғын коронавирус жұқтырды.

  • 12 Наурыз 2021
  • 107
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда өткен тәулікте 9 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды: 7 адам — коронавирустан, 2 адам пневмония белгілері бар ковидтен қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қазіргі уақытта 18 558 адам (114 050 КВИ+ және 4 508 КВИ-) ем қабылдап жатыр, 4 713 — стационарда. 13 845 науқас үйде емделуде.

Науқастар бойынша ақпарат:

  • ауыр жағдайда – 231 пациент,
  • аса ауыр хәлде – 47 пациент,
  • 45 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Алматыда вирусқа шалдығудың жаңа жағдайлары күрт артып отыр. Бір тәулікте — 237 адам. Елордада жүзден астам тұрғын індет жұқтырды. Ел бойынша тәуліктік көрсеткіш — 899 адам.