Өткен тәулікте ПТР-анықтамасы жоқ 307 жолаушы ұшып келді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте ПТР-анықтамасы жоқ 307 жолаушы ұшып келді

Өткен тәулікте ПТР-анықтамасы жоқ 307 жолаушы ұшып келді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 6 наурызда халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

  • 7 Наурыз 2021
  • 35
Фото - Caravan.kz

2021 жылдың 6 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.

2 561 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 254 адам, анықтамасы жоқ 307 адам келді.

Оның ішінде:

— Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 2 128 жолаушы, анықтамамен — 1 889, анықтамасыз — 239;

— Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 433 жолаушы, анықтамамен — 365; анықтамасыз 68 жолаушы келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.


Сондай-ақ 2021 жылдың 5 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет жарияланды.

«Анықтамасыз келген 316 қазақстандық азаматтың ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті», — делінген комитет хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар