Өткен тәулікте республиканың ашық су көздерінде жеті қайғылы оқиға орын алды - ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте республиканың ашық су көздерінде жеті қайғылы оқиға орын алды - ТЖМ

Өткен тәулікте республиканың ашық су көздерінде жеті қайғылы оқиға орын алды - ТЖМ

Өткен тәулікте республиканың ашық су көздерінде жеті қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 25 Шiлде 2011
  • 481
Фото - Caravan.kz

Алматы облысында жасанды су тоғанында шомылып жүрген жерінде 13 жасар жасөспірім суға кетті. Оның денесін құтқарушылар іздестіруде.

Ақмола облысының Көкшетау қаласында көлге шомылып жүрген кезінде 71 жастағы ер азамат суға батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Шығыс Қазақстанда да осындай қайғылы оқиға орын алды: Ертіс өзеніне 30 жастағы ер азамат батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Жексенбіге қараған түні Солтүстік Қазақстан облысында қазаншұңқырға шомылып жүрген жерінде 23 жастағы жігіт суға кетті. Оның денесін судан 24 шілде күні кешке қарай құтқарушылар алып шықты.

Кеше кешке Батыс Қазақстан облысында өзенде шомылып жүрген жерінде 28 жастағы жігіт суға батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Қарағанды облысында өзенге шомылып жүрген кезінде 25 жастағы жігіт суға кетті. Облыстағы жасанды су тоғандарының бірінде де осында қайғылы оқиға орын алды — 55 жастағы жігіт ағасы суға батып кетті. Олардың денелерін судан сол маңда жүрген адамдар алып шықты.

Соңғы жаңалықтар