Алматы қаласы Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінен полиция қызметкерлері басынан оқ тиген 28 жастағы әйелдің мәйітін тапты. Осы аудандағы тағы бір пәтерден буындырып өлтірілген әйел табылды. Аталмыш деректер бойынша тергеу жүргізілуде.
Қаланың Медеу аудынанда 70 жастағы кейуана өлтірілді. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері аталмыш өлімге қатысы болуы мүмкін деген күдіктіні анықтап, мерт болған әйелдің 57 жастағы ұлын қамауға алды. Тұтқынның айтуынша, шешесімен жаңжалдасып қалған ұл оны соққыға жығып өлтірген. Аталмыш кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен бірге, өткен тәуліктерде Алматыда тонаушылық оқиғасы төрт мәрте (олардың екеуі әшкереленді), екі шапқыншылық тонау, бір адам зорлау, бір
алаяқтық , бес ұрлық оқиғасы (екеуі әшкереленді), 8 заңсыз есірткі сақтау және сату оқиғалары тіркелді. Әкімшілік құқық бұзушылық дерегі бойынша 1308 адам ұсталып жауапкершілікке тартылды.
Жол полициясы басқармасының желісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық дерегі 820 мәрте тікеліп, автокөлікті мас күйінде айдап жүрген 18 жүргізуші ұсталды.