Oxfam елдер арасындағы тұрғындар теңсіздігі рейтингін жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Oxfam елдер арасындағы тұрғындар теңсіздігі рейтингін жасады

Oxfam елдер арасындағы тұрғындар теңсіздігі рейтингін жасады

Британдық Oxfam қайырымдылық ұйымы футболдан әлем чемпионатына балама ақтық кезең кестесі үлгісінде елдер арасындағы тұрғындардың мүліктік теңсіздігі рейтингін әзірледі, деп хабарлады Би-Би-Си.

  • 12 Маусым 2014
  • 289
Фото - Caravan.kz

Oxfam нұсқасына сәйкес, «теңсіздік чемпионатындағы» ең үздік нәтижені бай мен кедей тұрғын арасындағы табыс айырмасы барынша жақын Бельгия мемлекеті көрсетіп отыр. 

Ал 2014 жылғы әлем біріншілігінің қожайыны атанып отырған Бразилия Oxfam «чемпионатында» алғашқы айналымда-ақ сүрінген.

Латынамерикалық бірқатар елдердегі табыс алшақтағы айтарлықтай емес. Дегенмен Oxfam мәліметтеріне сәйкес, дәл осы өңірде байлар мен кедейлер арасындағы табыс айырмашылығының қысқара түсу үрдісі байқалады.

Oxfam турнирлік кестесіне сәйкес, «теңсіздік чемпионатындағы» барынша жұпыны нәтиже Ресей мен Ганаға бұйырып тұр.