"Өз денесін тілгілеген": Алматылықтар ұрыны ұстау сәтіндегі жантүршігерлік көріністің куәсі болды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өз денесін тілгілеген": Алматылықтар ұрыны ұстау сәтіндегі жантүршігерлік көріністің куәсі болды (ВИДЕО)

"Өз денесін тілгілеген": Алматылықтар ұрыны ұстау сәтіндегі жантүршігерлік көріністің куәсі болды (ВИДЕО)

Алматыдағы Car city маңында жұрт жантүршігерлік жағдайдың куәсі болды. Қашып құтылмақ болған күдікті қолға түскеннен соң  өзіне өзі түрлі дене жарақаттар салған. 

  • 24 Қаңтар 2023
  • 24
Фото - Caravan.kz

Күдіктінің қанға бөккен видеосы желіде тарауда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ZTB | QAZAQSTAN телеграм арнасына сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, полицияға ер адам қоңырау шалып көлігі ұрланғанын жеткізген. Қоңырау шалушының өзі күдіктінің соңына түскен. Артынша көмекке патрульдік полиция қызметкерлері де жетеді.

Күдіктіні ұстау барысында күдікті өз денесіне жарақаттар салған. Қазір медициналық көмек алу үшін ол қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

"Тергеу барысында "Ақсай" ықшамауданында көлікті ұрлап әкеткені анықталды. Және жол-көлік оқиғасына түскен. Көлік иесі жаяу ізіне түсіп күдіктіні қолға түсірмек болады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді", — делінген мәлімдемеде.


 

Соңғы жаңалықтар