«Өз еріктерімен барған»: 3 оқушы қыз бір уақытта жүкті болып қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өз еріктерімен барған»: 3 оқушы қыз бір уақытта жүкті болып қалған

«Өз еріктерімен барған»: 3 оқушы қыз бір уақытта жүкті болып қалған

Самарқанның Тайлақ ауданында бірден 3 оқушы жүкті болып қалды. Дегенмен, аудандық білім бөлімі оқушы қыздардың жүктілігі туралы ақпаратты қоғамға жария қылудан жалтаруға тырысқан.

  • 30 Қаңтар 2020
  • 145
Фото - Caravan.kz

Кәмелет жасына толмаған қыздардың жүктілігі туралы ақпаратты "Озодликке" Самарқандағы денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің бірі хабарлаған, деп жазады Skifnew.kz ақпарат порталы.

Ақпарат көзіне сенсек, дәрігерлер бір мезетте мектеп жасындағы үш қыздың жүкті болып қалғанын анықтап, оларды УДЗ-ден өтуге жіберген. Үш қыз жүкті болғандықтан мектептің басқа да оқушы қыздарын жаппай тексере бастаған.

"Тайлақ ауданында мектеп оқушыларының жүкті болуы жиілеп кеткендіктен басқа қыздарды да тексеру басталды. Жақында кәмелетке толмаған үш қыздың аяғы ауыр екендігі белгілі болған еді. Сол себепті де жергілікті билік мектепте оқитын оқушы қыздарды тексеруге тапсырма берді", — деді дәрігер.

Дереккөзіне сүйенсек, қыздардың жүктілігі жайлы мәліметті мұғалімдер растаған. Педагогтардың айтуынша, әлгі екіқабат қыздарды енді тұрмысқа бермек. Айтпақшы, бұл ақпаратты аталмыш ауданның әкімшілік өкілі растады. Жүкті болған қыздар 17-17,5 жастағы бойжеткендер екен.


"Өзбекстанда 18 жастан бастап тұрмысқа шығуға рұқсат берілген.Қыздар жақында тұрмысқа шығады. Олар мұндай қадамға өз еріктерімен барған, ешкім оларды мәжбүрлемеген. Басқа қыздарды да тексеріске жіберіп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды", — деп жергілікті шенеунік қалған оқушы қыздар 6 ай сайын өтетін медициналық тексерістен өткізіліп жатқанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар