Жарияланды: 130

Өз "кайфыңыз" үшін өмір сүріңіз - Гүлнұр Оразымбетова

Өз "кайфыңыз" үшін өмір сүріңіз - Гүлнұр Оразымбетова

Белгілі әнші Гүлнұр Оразымбетова оқырмандарына қалай өмір сүру керек екені жайлы сыр ақтарды. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Гүлнұр ханым жеке парақшасында:

"Өміріңіз сіз қалағандай ма??? Жауап беру қиын ба... Қиын... Қиын... Мойындаңызшы. Әр адамзат баласының өмірі өз қолында дейміз... Әрине,айтуға оңай... Бірақ,сіз айналаңыздағы жанның бақытты өміріне қуана аласыз ба? Қуанышына ортақтаса білесіз бе? 
Меніңше,осы айтып отырған жағдай көп адамның қолынан келе бермейді... Дәл сіздің орныңызда болмаған адам сіздің проблемаңызды сезіне алмағаны былай тұрсын,сырттан әдемілеп тон пішіп, ғайбат сөзді айтып,аттың басын жібереді!! Рас қой! Мойындайсыз ба? 
Неге? 
Өзгенің қуанышына үн қос,ортақтас,тілекші бол,дұға ет!!! Баяғыда марқұм әжем айтушы еді,адамнан жақсылық қайтпайды,Құдайдан қайтсын деп... Рас екен.
Өмірден көріп келе жатқан "живой примерлер"... Жасаған жақсылығыңызды санамаңыз! 100 есе Алладан қайтары сөзсіз!!! Тек өз сөзіңізге абай,жасаған істеріңізге мұқият болыңыз!!!
Алдамшы,әдемі сөзге сеніп қалмаңыз!! Аман болыңыздар! 
Өмір тамаша! Өз "кайфыңыз" үшін өмір сүруді ұмытпаңыз!", деп жазды. 

 
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін