«Өз күйеуінен еш күдіктенбеді»: Түркістан облысында туған жездесінің қолынан қаза тапты деп күдіктелген қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Өз күйеуінен еш күдіктенбеді»: Түркістан облысында туған жездесінің қолынан қаза тапты деп күдіктелген қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты

«Өз күйеуінен еш күдіктенбеді»: Түркістан облысында туған жездесінің қолынан қаза тапты деп күдіктелген қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Гүлмира Әбіқай Түркістан облысында туған жездесінің қолынан қаза тапты деп күдіктелген қыздың өліміне қатысты тың дерекпен бөлісті.

  • 9 Тамыз 2023
  • 40555
Фото - Caravan.kz

Ол марқұмның туыстары өзіне бірнеше мәрте хабарлама жолдағанын айтты, деп жазды Caravan.kz. медиа-порталы.

Журналист бұл дерекпен өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Небәрі 18 жасында Аиданың өмірі кенеттен қиылды. Жау алыстан келмеді, өз жездесі күдікті деп қамауға алынды. 3-ші тамыздан бері шарқ ұрып іздеп жатқан бойжеткеннің зорлықпен азапталған денесі өзі тұрып жатқан үйдің жертөлесінен табылған. 4 күннен бері қалай иіс шықпағаны белгісіз?!

Жездесі қызды бізбен бірге іздеді ғой деп көршілері әлі сене алмай отыр. Күдікті қамауға алынды, бәрін тергеу көрсетер. Аида ауылдағы ата-анама салмақ салмайын, өз киім-кешегімді өзім алайын деп үй жанындағы дәмханада қосымша жұмыс істеген. Сол күні демалысы еді. Маған сіңілісін іздеп жазып жатқан әпкесін аядым. Қандай қиын жағдай… өзі жас баламен ауылға кетіп барып-келгенше аспан айналып жерге түсті. 1-ші күні хабарсыз кетті деді, 2-күні құрбылары шақырды ма екен деп мазасызданды, 3-ші күні алып қашып кетсе ендігі хабаршылар келер еді ғой деп жақсылықтан үміттенді.



Бірақ, басқа-басқа өз күйеуінен еш күдіктенбеген. “Адам аласы ішінде” деген осы шығар, кім білсін. Шымкентке оқимын-тоқимын деп келіп, нағашы әпкесінің үйінде азапталып көз жұмғаны ауыр болды. Жас гүл солды… Аиданың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды.
Алла алдынан жарылқасын», — деп жазды ол.