"Өз махаббатыма қайта оралдым": Жұлдыз Әбдікәрімова нені меңзеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өз махаббатыма қайта оралдым": Жұлдыз Әбдікәрімова нені меңзеді

"Өз махаббатыма қайта оралдым": Жұлдыз Әбдікәрімова нені меңзеді

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жеке өмірі жайлы шындықты жайып салды. 

  • 4 Мамыр 2022
  • 28061
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Актриса 10 жыл бала қараумен үйде отырғаны жайлы айтты. 

"Оқуды аяқтаған жылдары театрға деген махаббатым соншалық, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына контролер болып істесем де, жұмысқа кірем деген мақсат болды. Сөйтіп сахна тарландарының өнерін аяғымнан тік тұрып тамашаладым, әр қойылымды өзіме көрсетіп жатқан шеберлік сағаты, сабағы деп қабылдадым. 2006-2007 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына актриса боп жұмысқа орналасып, бірнеше рөлді сомдап шыққам. Сөйтіп жүргенде Қайрекең актрисаның рөлінен шәйнектің руліне отырғызды ғой, е.

Араға біраз уақыт салып, өсетін ұл мен қызды өсіріп, өз мамандығыма, махаббатыма қайта оралдым", деп жазды. 


"Күшті, бәріне үлгердіңіз", "Пигура ат екен", "Кім айтады 4 баланың анасы деп", "Сәттілік тілеймін", деп жазды оқырмандар. 

Соңғы жаңалықтар