Өз қызын ұрып-соғып, видеоға түсірген қатыгез анаға қатысты із қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өз қызын ұрып-соғып, видеоға түсірген қатыгез анаға қатысты із қозғалды

Өз қызын ұрып-соғып, видеоға түсірген қатыгез анаға қатысты із қозғалды

Өз баласын ұрып-соғып, видеоға түсірген қатыгез анаға қатысты із қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД ба

  • 26 Қазан 2016
  • 952
Фото - Caravan.kz

Өз баласын ұрып-соғып, видеоға түсірген қатыгез анаға қатысты із қозғалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүлдіршінді анасының аяусыз ұрып-соғуы туралы видео Instagram әлеуметтік желісінде жария болған еді. Кадрлардан әйелдің бүлдіршінді видеоға түсіре отырып, бетінен, басынан ұрғанын көруге болады. Кейін тамағынан қысып, жылап жатқан баланың үнін өшіргісі келеді. Әйел мұнысымен де тоқтамай, бүлдіршінді ұрғылай береді. Кадр сыртында "Ана, тоқтат!" деген тағы бір қыздың даусы естіледі. Қыз шешесін тоқтатпақ боалды, бірақ анасы оның сөзіне құлақ аспайды.

"Instagram желісінде жарияланған видео бойынша полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр. Бүлдіршіннің анасының кім екені анықталды. Ол — Павлодар тұрғыны, 1982 жылғы. "Балаларға қатысты қатыгездік жасау" бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр", — деп хабарлады аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

ZTB сайтында видеодағы әйелдің өз күйеуін бопсалағысы келгені хабарланып отыр. "Айлиннің әкесі анасымен, яғни Нұргүл Докуовамен ажырасып кеткен. Анасы бұрынғы күйеуін бопсалағысы келген, ол бүлдіршінді ұрып-соғып жатқан видеоны күйеуінің ата-анасына жіберген", — делінген сайтта. "Біздің жағдайда қамқоршылық органдар, сот және басқа да бақылаушы органдар ешқандай әрекет жасап жатқан жоқ. Мен кінәлілерді іздемеймін, немере жиенімді қорғағым келеді", — дейді Айлиннің әкесінің бауыры.


Желіде тарап кеткен видео Интернет қолданушыларын шулатты. Нұргүл Докуованың парақшасында қолданушылар оның адамгершілікке жатпайтын ісін сөгіп, қатаң жазалауды талап еткен пікірлер жазып жатыр.

Сол пікірлердің біріне Докуованың өзі жауап берді. Айтуынша, бұрынғы күйеуі оны қарыз бен кредитке батырған. Сонымен қатар, ВКонтакте желісінде Нұргүл Докуованың аккаунты делінген парақшада 23 қазанда сотқа тәжірибесі бар заңгердің іздестіріліп жатқаны хабарланған. Айта кетейік, бұл іспен Павлодарда басқа да құзырлы органдар айналысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар