Жарияланды: 80

Өз шындығым бар: Луина сүйіктісімен не себепті айырылысқанын ашып айтты

Өз шындығым бар: Луина сүйіктісімен не себепті айырылысқанын ашып айтты

Әнші Луина алғаш рет бұрынғы сүйіктісі әрі продюсері Жомарт Сүлейменовпен не себепті айырылысқанын түсіндірді.

Ол “экс-ғашығына қасарысып омырауын үлкейтін алды” деп сынағандарға жауап берді. Луина бұл жайында “Время” басылымының тілшісі Оксана Василенкоға сұхбат берген.

“Жоқ, тіпті де олай емес. Жомарт екеуміздің айырылысқанымызды биылғы жылдың қаңтар не ақпан айында Instagram-дағы парақшасында жазды, ал біз өткен жылдың қараша айында екіге кеттік. Қырсығып омырауымды үлкейтетін болсам, одан бері де біраз уақытым болды. Бірақ мен мұндай қадамға енді барып отырмын. Оның үстіне, менің азаматтық некедегі экс-күйеуім омырауыма қарсы емес еді”, – дейді Луина.
Бұл орайда әнші алғаш рет онымен не себепті айырылысқанын айтып берді.

“Өмірде сырт көзге мінсіз көретін, алайда шын мәнінде проблемасы көп талай жұпты көрдім. Біз жеті жыл бірге тұрдық, оған барлығы үшін алғыс айтамын. Маған көп нәрсе үйреткені үшін, шығармашылығым үшін рақмет. Мінезіміз келіспей қалды дей алмаймын. Дәл мінезге келгенде барлығы жақсы болатын. Бұл жайлы алғаш рет айтуға дайынмын: мен бұл адамды жақсы көрмей кеттім, оған деген сезімім сөнді. Оны ұстап тұрудың еш мәні жоқ еді, себебі бірнеше жылдан бері осылай жалғасып келді.

Жомартты да дайындадым. Жалпы ол да дайын болды. Ересек азамат ретінде бірдеңені өзгертуге тырысты, мен де тырыстым. Бірақ қолымыздан келмеді. Мен бар болғаны оны сүймей кеттім. Ондай-ондай өмірде болып тұрады. Оның опасыздық жасауы немесе маған сыйлық жасамай қоюы міндетті емес. Тек сезімімді әркез “тонуста” ұстағанды ұнатамын. Ал мен сол нәрсені жоғалтып алдым”, – деген Луина қазіргі уақытта ақырындап өз-өзіне келгенін атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін