"Өз сілекейлеріңізге тұншықпаңыздар". Ресейдің экс-президенті ядролық соғыс қаупі барын айтты
![]() |
Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Батыс елдеріне Украинаға қару жіберу Ресей мен НАТО-ның толыққанды ядролық соғысқа айналу қаупі бар тікелей қақтығысына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Ресейдің экс-президенті өзінің телеграм-каналында жазды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
НАТО елдерінің Украинаны қару-жарақпен қамту, оның әскерін Батыс техникасын қолдануға дайындау, жалдамалыларды жіберу және біздің шекараларымызда альянс елдерінің жаттығуларын өткізу НАТО-ның Ресеймен тікелей және ашық қақтығысының ықтималдығын арттырады", - деді Медведев.
"Мұндай қақтығыстың әрқашан толыққанды ядролық соғысқа көшу қаупі бар. Бұл адамзатқа қауіпті сценарий болады", - деп қосты ол.
Медведев батыс елдеріне "өзін де, басқаларды да алдамауға" кеңес берді.
"Сіздер өз әрекеттеріңіздің ықтимал салдары туралы ойлануларыңыз керек. Русофобияның пароксизмдерінде өз сілекейлеріңізге тұншықпаңыздар", - деп жазды Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Медведевтің мәлімдемесіне түсініктеме берді:
"Ресей мен НАТО-ның тікелей қақтығысынан бәрі де аулақ болғысы келеді. Ресей де. НАТО-да бұл туралы бірнеше рет мәлімдемелер жасалды, менің ойымша, ең бастысы Вашингтонда", - деді Песков.
Ол егер қандай да бір тарап Украинадағы "арнайы әскери операцияға" араласуға тырысса, Ресей "табанды жауап беруге дайын" екенін айтты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін