Жарияланды: 520

Өз үйінде жасанды түсік жасаған

Өз үйінде жасанды түсік жасаған

Көкшетаудың 20 жастағы тұрғыны өз үйінде заңсыз түсік жасады деп айыпталып отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Ақмола облысы ішкі істер департаментінен хабарлады. 

Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, Ақмола перинаталдық орталығына 19 наурызда жиырма жастағы қыз жеткізіледі, деп жазады Sputnik. Белгілі болғандай, ол үйде босанған. Ішкі істер департаменті жас қыздың үйде заңсыз туғанын растап отыр. 

"Қыздың ата-анасы оның жүкті екенін білмеген. Ауырып қалған қызын олар аурухана жеткізеді. Тек сол жерде ғана жүктілігіне 25-26 апта болған қыздың ешкімге білдіртпей үйде босанғаны анықталады. Баланың денесін ол шкафқа тығып қойған. Бұл факті бойынша «Заңсыз түсік жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүріп жатыр", — деді баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Сәбидің денесін полицейлер мәйітханаға жеткізген. Сараптама жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қыз ауруханада жатыр, оның хәлі қалыпты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін