Өз үйінде жұма намазына адам жинаған ақтөбелікке айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өз үйінде жұма намазына адам жинаған ақтөбелікке айыппұл салынды

Өз үйінде жұма намазына адам жинаған ақтөбелікке айыппұл салынды

Ақтөбе тұрғыны үйіне жұма намазын оқу үшін адам жинаған. Оған 180 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

  • 3 Ақпан 2021
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын өткізді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы ҚР заңнамасын бұзу» бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық фактісі анықталды. 57 жастағы ер адам өз үйінің жертөлесінде 35-40 адамды жинап, жұма намазын өткізген. Діни қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін үй иесіне 180 570 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

«Облыстың бас санитариялық дәрігерінің қаулысын бұзғаны үшін материал жиналып, заңды шешім қабылдау үшін облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар