Жарияланды: 320

"Өзбек екен": Әбдіжаппар Әлқожа ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды

"Өзбек екен": Әбдіжаппар Әлқожа ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды Сурет - Stan.kz

Танымал қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды.

Соңғы уақытта Өзбекстан басылымдары оның ұлтының өзбек екенін жарыса жазған-ды, деп хабарлайды Stan.kz

Жуырда Әбдіжаппар Әлқожа әлеуметтік желіде өзбекше құттықтау айтқан видеосын бөліскен-ді. Осы құттықтаудан кейін әншінің ұлтына қатысты көптеген пікір айтылды. Әсіресе, Өзбекстан елінде оның өзбек ұлтынан шыққаны туралы жарыса жазылды. 

"Қазір Instagram желісі деген жақсы болды ғой. Түрлі пікір келіп жатыр. Өзбекстандағы эстрада жаңалықтарын жазатын сайттар "Қазақстандық Әлжаппар өзбек екен. Таза сөйлейді" деп салып жіберген екен. Оған қоса концерттерге шақырту алып жатырмыз. Өзбектердің ар жақта "Мына бала өзбек пе, қазақ па?" деп миы ашып жүр", - деп күлді әнші. 

Әрі қарай жұлдыз өзінің қаны қазақ екенін айтты. Ал өзбек тілінде таза сөйлеуін Жетісайда – екі елдің шекарасы маңында өсуімен байланыстырды. Сондай-ақ, шет тілін жетік білуге Қазақстанда да көрсетілетін өзбек телеарналары әсер еткенін жасырмады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін