Өзбек телеарналарында бақилық Кәрімовтің атына сын айтыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбек телеарналарында бақилық Кәрімовтің атына сын айтыла бастады

Өзбек телеарналарында бақилық Кәрімовтің атына сын айтыла бастады

30 шілдеде өзбек арнасынан көрсетілген «Таҳлилнома» хабарында елдің тұңғыш президенті, бақилық Ислам Кәрімовтің атына бірден қатты сындар айтыла бастады. Бағдарламада «Кәрімовтің көрші елдердің басшыларымен лидерлік мәртебе үшін үнемі бәсекелесіп келгені» айтылған.

  • 1 Тамыз 2017
  • 291
Фото - Caravan.kz

«Таҳлилнома» хабарында өзбек қоғамындағы экономикалық, әлеуметтік жағдай сөз болған. Оған қатысушылар Ислам Кәрімов тұсындағы олқылықтарды ашық айтқан.

Олар Кәрім жіберген қателіктерді бүгінгі президент Мирзияевтің түзеп жатқанын да сөз еткен. Бағдарлама барысында Ислам Кәрімовтің аты-жөні бірде-бір айтылған жоқ, бірақ оның жүргізген саясатына "тас лақтырылды".

«Көрші елдермен қарым-қатынас — бұл артықшылық үшін күрес емес, керісінше орталықазиялық елдермен сенімді қатынасты орнату. Шынын айтқанда, шекара мәселесі жылдар бойы шиеленісіп қалды», – деді хабар жүргізушісі.

Айта кету керек, Кәрімов тұсында оның жүргізген саясаты бірде-бір сынға алынған емес.


Соңғы жаңалықтар