Өзбек-қырғыз шекарасында жерасты жолы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбек-қырғыз шекарасында жерасты жолы табылды

Өзбек-қырғыз шекарасында жерасты жолы табылды

Өзбек-қырғыз шекарасында жасырын жерасты жолын қазғандар ұсталды.

  • 20 Маусым 2022
  • 841
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

8 адамнан құрылған қылмыстық топ жылдар бойы контрабандамен айналысқан. Екеуі Өзбекстан, алтауы Қырғызстан азаматы. Олар жерасты жолымен 1 млн 641 мың доллар қаржыны заңсыз алып өтпек болғанда қолға түсті.

Тексеру кезінде Әндіжандағы тағы бір үйден ұзындығы 420 метрлік тоннель анықталды. Онда жүк таситын электр арба болған. Кінәлілерге қатысты сот қылмыстық іс қозғап, 8 жылға дейін бас бостандығын шектеді.

"Топ мүшелері құқық қорғау органдарының назарына ілікпес үшін байланыс құралдарын қолданған. Ірі көлемдегі валютаны еліміздің аумағына әкеліп, одан кейін жер асты туннелі арқылы Қырғызстанға алып кетіп жүрген. Тергеу амалдары кезінде олардың әрекеттері айғақ заттармен дәлелденді", — дейді мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілі Мақлиё Валиқулова.


Соңғы жаңалықтар