Өзбекстан Арал аймағының дамуына миллиардтаған қаражат құяды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан Арал аймағының дамуына миллиардтаған қаражат құяды

Өзбекстан Арал аймағының дамуына миллиардтаған қаражат құяды

Өзбекстан үкіметі бес жылдың көлемінде экологиялық жағдайы нашар Арал аймағының дамуына 2,6 миллиард доллар бөлуді көздеп отыр. Өзбек президенті Шавкат Мирзияев 2017−2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылдады. Құжат 30 қаңтарда күшіне енді.

  • 1 Ақпан 2017
  • 616
Фото - Caravan.kz

Қаражат аймақ тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталады. Атап айтқанда, жұмыс орындары ашылып, жаңа үйлер салынады, су жүргізіледі, медициналық қызмет жақсарады, жергілікті тұрғындарға шағын несиелер бөлініп, әлеуметтік төлемдер өседі.

Көлемі жағынан әлемдегі төртінші табиғи су қоймасы — Арал теңізі — 1960 жылдардан бері 90 пайызға азайды, оның бір себебі — теңізге құйылатын Амудария мен Сырдария өзендері советтік ирригациялық жобаларды жүзеге асыруға пайдаланылды.

Бұның соңы Қарақалпақстан өзбек автономиясы мен Қазақстанда экологияның күрт нашарлауына алып келді.


Соңғы жаңалықтар