Жарияланды: 100

Өзбекстан азаматтары алматылық зейнеткерлерді гипноз арқылы тонап келген

Өзбекстан азаматтары алматылық зейнеткерлерді гипноз арқылы тонап келген

Олар қарт кісілерге ескі ақшаны жаңартып әкеп беремін деп алдаған.

Өзбекстан азаматтары алматылық зейнеткерлерді гипноз арқылы арбап, тонап келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан азаматтары өз елінде де осындай қылмыстары үшін істі болған екен.

«Бұлар зейнет жасындағыларды алдап келген. Олар қарт кісілерге ескі ақшаны жаңартып әкеп беремін деп алдаған. Сол кезде әккі қылмыскерлер қариялардың санасын гипноздап, ақшаларын қолды етіп отырған. Үлкен кісілер кейін ақшаны өз қолдарымен қалай бергенін әрең естеріне түсірді. Кей жағдайларда олар зейнеткерлерді банкке дейін ертіп апарған, ал олар есік алдында күтіп отырған», - деді Бостандық аудандық ІІБ полиция бөлімінің басшысы Тимур Өсекбаев.

Оның айтуынша, қазір 5 өзбекстандық ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында олардың 3 дерекке қатысы бары анықталды. Қылмыскерлер қариялардың 3 млн теңгесін қолды еткен.

Полиция бұл адамдардың әрекетінен жапа шеккен азаматтар бар болса, 298-52-80; 298-52-83, 298-52-82 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін