Өзбекстан басшысының сапары екіжақты ынтымақтастыққа серпін береді - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан басшысының сапары екіжақты ынтымақтастыққа серпін береді - Назарбаев

Өзбекстан басшысының сапары екіжақты ынтымақтастыққа серпін береді - Назарбаев

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімовтың сапары екіжақты ынтымақтастыққа серпін береді. Бұл туралы кеше Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен кеңейтілген құрамдағы кездесу барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 334
Фото - Caravan.kz

«Тар құрамдағы екіжақты келіссөздер аясында тағы да ашықтық және сенім жағдайында біз екіжақты қатынасымызға, Орта Азия өңіріндегі және жалпы ТМД аумағындағы жағдайға қатысты көптеген мәселелерді талқыладық. Қазақстан мен Өзбекстан бірге қарсы тұруы керек жаңа қауіптер жайында сөйлестік», — деді Н. Назарбаев.

«Біз тәуелсіздігімізді, екі халық арасындағы достықты нығайта отырып, бар қиыншылықтарды бірге жеңуіміз керек», — деп атап көрсетті ҚР президенті. «Өзбекстан президентінің сапары екіжақты қатынастарды дамытуда тағы бір серпін болатынына сенімдімін», — деп атап көрсетті ол.

Қазақстан басшысы қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастарды дамытуға ықпал ететін екіжақты ынтымақтастықтың экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті