Өзбекстан билігі Гүлнара Каримованың қамауда отырғанын 2 жылдан бері жасырып келген - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан билігі Гүлнара Каримованың қамауда отырғанын 2 жылдан бері жасырып келген

Өзбекстан билігі Гүлнара Каримованың қамауда отырғанын 2 жылдан бері жасырып келген

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова 2015 жылдан бері қамауда отырған. Бұл туралы бүгін мемлекеттің бас прокуратурасы мәлімдеді. Экс-президенттің қызына салықтан жалтарды деген айып тағылып, ол 5 жылға сотталған екен.

  • 31 Шiлде 2017
  • 251
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін ел билігі Каримованың қамауда отырғаны туралы тіс жармай келген еді. Десе де, туыстары оның 2014 жылдан бері абақтыға жабылғанын тәуелсіз басылымдарға айтып қалған. 2016 жылдың желтоқсанында Гүлнара Каримованың ұлы Би-би-си телеарнасының Өзбекстандағы өкілдеріне сұхбат беріп, анасына ешқандай айыптың тағылмағанын мәлімдеген болатын. Бірақ, ол анасының көзін құртқысы келіп жүргендердің көп екенін де айтты.

Ал, бас прокуратураның бүгін таратқан мәліметіне сүйенсек, Г.Каримлва 2015 жылдың 21 тамызында салықтан жалтарғаны үшін 5 жылға сотталған екен. Ал, қазіргі таңда бұл айыпқа тағы екі айып қосылып отыр, олар: алаяқтық және пара алу деректері бойынша. Осы жайттарға байланысты қазір жаңадан тергеу жүргізіліп жатыр екен. Тек, Каримованың өзі дәл қазір қайда екені белгісіз.


Соңғы жаңалықтар