Өзбекстан Қазақстанға келуге ниетті өз азаматтарына қатысты үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.42
  • 531.39
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан Қазақстанға келуге ниетті өз азаматтарына қатысты үндеу жасады

Өзбекстан Қазақстанға келуге ниетті өз азаматтарына қатысты үндеу жасады

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға баруды жоспарлап отырған азаматтарға қатысты үндеу жасап, көршілес елдің заңдарын қатаң сақтауға шақырды

  • 10 Мамыр
  • 16
Фото: Kazinform

 Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Kazinform-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанға келу тәртіптерінің өзгеруіне байланысты ведосмство өзбекстандықтардан жеке басын куәландыратын құжаттарды үнемі өзімен бірге алып жүруін, сондай-ақ арнайы ресми сервистер арқылы өзіне қатысты деректерді тексеруге үндеді.

«Өзбекстан-Қазақстан немесе Ресей-Қазақстан шекарасын кесіп өту кезінде тек Қазақстанға емес, сонымен бірге Ресейге де кіруге шектеу жоқ екеніне алдын ала көз жеткізу маңызды. «Әкімшілік және қылмыстық істер бойынша шешімдерді өзара тану және орындау туралы» Ресей мен Қазақстан арасындағы келісімге сай, қазақстандық құзыретті органдар Ресейдің көші-қон және өзге де заңнамасын бұзғандарды немесе төленбеген айыппұлдардың бар-жоғын тексере алады. Егер жоғарыда аталған талаптардың бірі сақталмаған жағдайда Қазақстан билігі Өзбекстан азаматының елге кіруіне немесе одан шығуына жол бермеу шешімін қабылдауы мүмкін», — делінген Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Осыған байланысты өзбекстандықтарға Қазақстан және Ресейге бару кезінде мәселе туындамасы үшін Ресей Федерациясы ІІМ Көші-қон мәселелері жөніндегі бас басқармасының сайтынан өздеріне қатысты шектеудің бар-жоғын тексеріп алу ұсынылды.

Еске салайық, 1 мамырдан бастап Қазақстанның бүкіл әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.