Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы визалық тәртіпті алып тастау мәселесі кешікпей шешіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы визалық тәртіпті алып тастау мәселесі кешікпей шешіледі

Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы визалық тәртіпті алып тастау мәселесі кешікпей шешіледі

Душанбе. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы визалық тәртіпті алып тастау мәселесі кешікпей шешіледі. Бұл туралы Тәжікстан СІМ-нің бірінші орынбасары Абдулло Юлдошев журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 17 Сәуiр 2008
  • 583
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, виза мәселесін шешу екі ел басшылығының құзырында. «Менің білуімше, Өзбекстан жағында кейбір техникалық қиындықтар бар. Бірақ осы мәселе бойынша біз кешікпей жаңалық еститін боламыз», -деді дипломат.

Еске сала кетейік, 2000 жылдан бері Өзбекстанның бастамасымен көршілес екі елдің арасында виза режимі енгізілген. Бұл ережеге сәйкес, шекаралас аудандардың тұрғындары көршілес аумаққа үш тәуліктен артық емес уақытқа бара алады. Тәжік және өзбек жағының қай-қайсысында да шекаралық бөлімдерден өтуде кедергілердің болуы Тәжікстан мен Өзбекстанның шекаралық аудандарының тұрғындарын мемлекеттік шекарадан заңсыз өту жолдарын пайдалануға мәжбүрлеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті